Құрылтай
» » Қарулы күштердің әскери бөлімдеріне мерзімді қызметке шақыру жұмыстары жалғасуда

Қарулы күштердің әскери бөлімдеріне мерзімді қызметке шақыру жұмыстары жалғасуда

Қызылордада көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары жалғасып жатыр.

Мерзімді қызметке шақыру науқаны биылғы жылдың
30 маусымына дейін жалғасады. Осы көктемде Қызылорда облысынан 700-ге жуық жасты әскерге жіберу жоспарланған. Бүгінде Сыр өңірінен 300-ден астам жас Отан қорғауға аттанып үлгерді.
Мерзімді әскери қызметке шақыру барысында жастардың мамандығы мен денсаулығына барынша мән берілуде. Сондай-ақ әскерге баруға ниет білдірушілердің саны артқаны байқалады.
– Қазір жастарды Қарулы күштерге қарасты әскери бөлімдерге мерзімді қызметке шақыру жұмыстары жүріп жатыр. Сыр елінің азаматтары ішінен Отан алдындағы борышын өтеуге белсенділік танытқан жастар жетерлік, – дейді Қызылорда облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті жасақтау басқармасы мерзімді әскери қызметке әскерге шақыру бөлімінің бастығы майор Жасұлан Шанқұлов.
Қарулы күштер қатарына дене дайындығы жақсы, психологиялық тест нәтижелері жоғары жастар алынып жатқанын айта кеткен жөн.

Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы
лейтенант Мұхит Қонаров
12 мамыр 2022 ж. 779 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 664
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31