» » Қызылорда гарнизонында мерзімді әскери қызметке шақыру жалғасуда

Қызылорда гарнизонында мерзімді әскери қызметке шақыру жалғасуда

Қызылорда гарнизонында күзгі науқанда мерзімді әскери қызметке 800-ге жуық жас сарбазды қабылдау жоспарлануда. Қызылорда облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде күзгі шақыру ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінде басталды. Әскерге шақыру осы жылдың 29 желтоқсанында, яғни, әскерге шақырылушылардың соңғы легі бөлімге қызметке келгенде аяқталады.
Жастарды мерзімді әскери қызметке шақыру медициналық комиссиялар мен жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен жүзеге асырылады. Әскерге шақырылушыларды таңдау барысында алған мамандығы мен денсаулығы ескеріледі. Сонымен қатар, психологиялық тұрғыдан төзімді, физикалық дайындығы жақсы жастар ҚР ҰҚК Шекара қызметіне, ҚР Қарулы Күштеріне, ҚР Ұлттық ұланына жіберіледі.
«Жас толықтырушыларды әскери бөлімдерге жіберместен бұрын ПТР-тест әдісі арқылы коронавирусқа қарсы зертханалық зерттеулер жүргізіледі. Бөлімде жас сарбаздар екі аптаға созылған карантинде болады. Онда әскерге шақырылушының психологиялық-әлеуметтік жағдайы анықталып, медициналық тексеру жүргізіледі», - дейді Қызылорда облысы ҚІЖД бастығының орынбасары – жасақтау басқармасының бастығы подполковник Дмитрий Жерегя.
Соңғы жылдары Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарын толықтыруға ниет білдірушілер саны артқан. Әскер қатарына қабылданғаннан кейін кәсіптік және жоғары білімі бар жастар жақсы нәтиже көрсетіп, келісімшарт бойынша әскери қызметке орналаса алады.
Мұхит ҚОНАРОВ,
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы, 
сержант 
10 қазан 2020 ж. 734 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 135

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 141

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 287

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930