» » Әскерге шақыру басталды

Әскерге шақыру басталды


Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде әскерге шақыру науқаны өтуде.
Биылғы көктемде Сыр елінен 750 жасты Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарына жіберу жоспарланып отыр.
         – Қаңтар-наурыз айларында шақыру контингенті тиянақты зерделенді. Шақырылушылармен, олардың ата-аналарымен жеке-жеке әңгімелер жүргізілді. Бұл шараның жастарды әскери бөлімдер бойынша іріктеу мен бөлу кезінде маңызы зор. Шақырылушылардың алған мамандықтары, денсаулық жағдайы, дене және моральдық-психологиялық дайындығы ескеріледі, – дейді Қызылорда облысының ҚІЖД бастығының орынбасары – жасақтау басқармасының бастығы подполковник Дмитрий Жерегя.
– Осы уақытта аудандық және облыстық медициналық тексерулерден жақсы өттім. Психологиялық тест жауаптары да жақсы нәтижеде. Балалық шағымда әскери адам болу арманым болатын. Мерзімді әскери қызметімді аяқтаған соң әскери бөлімде келісімшарт бойынша қызмет етемін деген ойым бар. Бауырларымды, достарымды, інілерімді Отан алдындағы әскери борышын өтеуге шақырамын, – дейді әскер қатарына шақырылушы Алтынбек Төлебай.
Қызылорда облысында соңғы жылдары мерзімді әскери қызмет өткеруге ниет білдірушілер саны көбейген. Әскерден соң жоғары білімібар, қандайда бір мамандықты игерген азаматтар келісімшарт бойынша әскери қызметке орналаса алады.
Көктемгі әскерге шақыру науқаны маусым айының соңына дейін жалғасады.
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы
лейтенант Мұхит Қонаров
18 наурыз 2022 ж. 945 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 892
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 595

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930