» » Еліміз бойынша күзгі әскерге шақыру науқаны басталды

Еліміз бойынша күзгі әскерге шақыру науқаны басталды

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органдар азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастырып, қамтамасыз етеді.

Осыған сәйкес, күзгі әскери шақыруды ұйымдастыру мақсатында 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Жосалы кентіндегі 18-27 жас аралығындағы азаматтарға әскерге шақыру қағазы таратылуда. Бұл шақыру осы жылдың 31 желтоқсанға дейін жалғасады.


Әскерге шақырылған азаматтар алдымен медициналық тексеруден өтіп, денсаулықтарының жарамдылығы туралы сыннан өтеді.


Әскерге шақыру комиссиясы бірінші кезекте техникалық мамандық алған, дене дайындығы жақсы, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды және ең бастысы әскерге баруға ниет білдірген шақырылушыларға басымдық береді.

Отан алдындағы борышын өтеуді қасиетті парызым деп санайтын моральдық және психологиялық тұрғыдан, физикалық жағынан мықты азаматтар кез-келген қиындыққа төзімді болады.

Сондықтан әскерге шақыру науқанын сапалы, әрі уақтылы орындау мақсатында әскерге шақыру комиссиясы әр шақырылушыны жеке-жеке қарап, алған білімін, мамандығын ескереді, отбасы жағдайын сараптайды, денсаулығының жарамдылығын басты назарға ала отырып, оны әскер қатарына қабылдау-қабылдамау туралы жан-жақты зерттеп барып, шешім қабылдайды.

Дегенмен, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 30-бабына сәйкес, әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтар жергiлiктi әскери басқару органының шақыру қағазы бойынша әскерге шақыру комиссиясына келуге міндетті.

04 қыркүйек 2024 ж. 278 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 398
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 200

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930