» » Еліміз бойынша күзгі әскерге шақыру науқаны басталды

Еліміз бойынша күзгі әскерге шақыру науқаны басталды

 «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органдар азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастырып, қамтамасыз етеді.

Осыған сәйкес, күзгі әскери шақыруды ұйымдастыру мақсатында 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Жосалы кентіндегі 18-27 жас аралығындағы азаматтарға әскерге шақыру қағазы таратылуда. Бұл шақыру осы жылдың 31 желтоқсанға дейін жалғасады.
Әскерге шақырылған азаматтар алдымен медициналық тексеруден өтіп, денсаулықтарының жарамдылығы туралы сыннан өтеді.

Әскерге шақыру комиссиясы бірінші кезекте техникалық мамандық алған, дене дайындығы жақсы, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды және ең бастысы әскерге баруға ниет білдірген шақырылушыларға басымдық береді.

Отан алдындағы борышын өтеуді қасиетті парызым деп санайтын моральдық және психологиялық тұрғыдан, физикалық жағынан мықты азаматтар кез-келген қиындыққа төзімді болады.

Сондықтан әскерге шақыру науқанын сапалы, әрі уақтылы орындау мақсатында әскерге шақыру комиссиясы әр шақырылушыны жеке-жеке қарап, алған білімін, мамандығын ескереді, отбасы жағдайын сараптайды, денсаулығының жарамдылығын басты назарға ала отырып, оны әскер қатарына қабылдау-қабылдамау туралы жан-жақты зерттеп барып, шешім қабылдайды.

Дегенмен, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 30-бабына сәйкес, әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтар жергiлiктi әскери басқару органының шақыру қағазы бойынша әскерге шақыру комиссиясына келуге міндетті.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі азаматтардың мерзімді әскери қызметін өтеуге ынтасын арттыру мақсатында бұрынғы әскери қызмет¬ші¬лер жоғары оқу орындарының әскери кафедрасында тегін оқуға, бұдан бөлек, әскерге барып келген азаматтарға ҰБТ-ны есепке алмай, әңгімелесу нәтижесі бойынша екі жыл ішінде ақылы негізде жоғары оқу орнына түсуге, ЖОО әскери кафедрасында тегін оқуға және әскери оқу орындарына емтихансыз және ҰБТ-сыз оқуға түсу мүмкіндіктерін жасап отыр.

Отан қорғаушы азаматтар!
Шақырылған мерзімді уақытында Қармақшы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімге барып, медициналық толық тексеруден және әскерге шақыру комиссиясынан өтулеріңізді сұраймыз.
21 қыркүйек 2023 ж. 319 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

№87 (10352)

02 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 004

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930