» » Бүгінгі бозбала – ертеңгі сарбаз

Бүгінгі бозбала – ертеңгі сарбаз

Ауданда 17 жасқа толған азаматтарды әскерге тіркеу науқаны басталды. Бұл шара әскер сапында тұруға жарамды болашақ сарбаздың санын, әскерге жарамдылық дәрежесін нақтылау мақсатында ұйымдастырылуда.
Сонымен қатар келешекте әскерге шақырылатын жастардың білімі, мамандығы мен дене шынықтыру деңгейі бағаланады. Жалпы азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу – әскерге шақыру жасына дейінгілерді әскери есепке қою үшін жергілікті атқарушы органдар жергілікті әскери басқару органдарымен бірлесіп жүргізетін әскери есепке алу іс-шарасы.
– Қазақстанның «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңына сәйкес, тіркеуге биыл 17 жасқа толатын қармақшылықтар қатысады. Олар әскерге шақыру учаскесіне тіркелу кезінде әскери қызметке жарамдылығы дәрежесін белгілеу үшін медициналық комиссиядан өтуде. Аудан бойынша шақыру учаскесіне тіркелуге жататын азаматтар саны 271 болса, бүгінде оның 227-сі тіркелді, – дейді аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары, майор Алихан Балманов.
Тіркеу өткізу кезеңінде жастармен әңгімелесу, әскери қызметке жарамдылығын растайтын медициналық тексеру жүргізіліп, қажетті құжаттар тексеріледі. Егер тіркеу процесінде емделуге, яғни медициналық бақылауға мұқтаж әскерге шақырылушыларды анықтаса, онда оларды емдеу, алдын алу ұйымдарына тіркейді. Әскери есепке алғаш рет тұрған азаматтармен қорғаныс істері жөніндегі басқармаларда Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары бойынша үгіт жұмысы жүргізіледі және келісімшарт бойынша әскери қызметтің перспективалары түсіндіріледі. Ал 17-дегі бозбала әскерге баруға ниетті ме?
– Әрине, алдымен өз еркіммен Отан алдындағы борышымды адал өтеп, үлесімді қосқым келеді. Әскер – бізді шынықтырады, шыңдайды. «А» жарамды болғаныма қуаныштымын. Себебі Отан алдындағы борышымды өтеу – қасиетті парызым, – дейді Мейіржан Нағашыбеков.
Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу қаңтарда басталғаннан наурыз айының соңына дейін жалғасады.
Айнұр ӘЛИ
Қазбек Тайбағаров (сурет)
03 ақпан 2021 ж. 648 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10289)

23 наурыз 2024 ж.

№23 (10288)

19 наурыз 2024 ж.

№22 (10287)

16 наурыз 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031