» » БОЛАШАҚ САРБАЗДАРЫМЫЗ ОТАН АЛДЫНДАҒЫ БОРЫШЫН ӨТЕУГЕ АТТАНДЫ

БОЛАШАҚ САРБАЗДАРЫМЫЗ ОТАН АЛДЫНДАҒЫ БОРЫШЫН ӨТЕУГЕ АТТАНДЫ


Бүгін «Руханият» орталығында Жергілікті әскери басқару органдарының құрылғанына 35 жыл толуына және кәсіби мерекеге орай, аудан әкімінің тапсырмасымен болашақ сарбаздарды Отан алдындағы қасиетті борышын өтеуге шығарып салу рәсімі өтті.

Алғашқы құттықтау сөзін алған аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев сала қызметкерлерін мерейтоймен құттықтап:

—Президентіміздің бастамасымен жүзеге асырылып жүрген «Қуатты армия – қауіпсіз ел» қағидатының негізінде дәл сіздердей әскери сала қызметкерлерінің еңбегі жатыр.
Сіздердің тынымсыз әрі абыройлы еңбектеріңіздің арқасында еліміздің қорғаныс саласы жыл сайын дамып, нығайып келеді. Ата Заңымызда айқындалғандай, «Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті». Бүгінде осы ұлы мұратты берік ұстанған Қармақшы жастары Отан алдындағы қасиетті борышын өтеуге үлкен ынтамен аттануда. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, шекарамыз берік болсын! Отанға адал қызмет ететін жастар көбейе берсін,- деп ел қорғанысын нығайту жолындағы жасалып жүрген еңбекке жоғары баға берді.

Жалпы көктемгі әскери шақыру науқаны аясында ауданымыз 100 пайызға әскери тапсырысты толық орындаған болса, қазір күзгі науқан бойынша да бекітілген межені уақытылы орындау жұмыстары жүргізілуде.

Салтанатты жиын барысында өз міндеттерін абыроймен атқарып жүрген бірқатар азаматқа «Алғыс хат» табысталды.

Бұдан бөлек аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының міндетін атқарушы Қайсар Мусаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков және Ауған соғысының ардагері Асқар Ерманов сөз сөйлеп, елге адал қызмет етудің маңыздылығын атап өтті.

Шара барысында жастарға патриоттық рух сыйлайтын концерттік бағдарлама ұсынылды. Отан қорғау – қасиетті міндет. Сондықтан кездесуде аудан ардагері Қуанышбек Сулеев жастарға ақ батасын берді.

Жиын соңында болашақ сарбаздарға сәттілік тіленіп, Отан алдындағы әскери борышын өтеуге салтанатты түрде шығарып салынды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

11 қыркүйек 2026 ж. 46 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10537)

11 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 817
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 099

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930