Жаңа қызметке тағайындалды
Аудан әкімінің өкіміне сәйкес Махамбетов Нұрымжан Дүйсембекұлы Қармақшы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.
Нұрымжан Дүйсембекұлы 1983 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында дүниеге келген.
2005 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің заңгер мамандығын бітірген.
Алғаш еңбек жолын 2006 жылы Қармақшы су шаруашылығы мекемесінің маманы болып бастады.
Одан кейінгі жылдары Қызылорда облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі бөлімінің бас маманы, Жосалы кенті әкімі аппаратының жер қатынастарын және коммуналдық шаруашылықты реттеу бөлімінің бас маманы, Жосалы кенті әкімі аппаратының ұйымдастыру және мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
2024 жылдан бүгінге дейін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бөлім басшысының орынбасары қызметін абыроймен атқарып келді.

















