» » Жаңа қызметке тағайындалды

Жаңа қызметке тағайындалды

Аудан әкімінің өкімімен «Қармақшы аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің» басшысы қызметіне Махамбетов Жандос Дүйсембекұлы тағайындалды. 

Жандос Дүйсембекұлы 1986 жылы Қармақшы ауданында дүниеге келген. 2008 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша және 2011 жылы «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.

Алғашқы еңбек жолын 2006 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Оператор» болып бастаған. Одан кейінгі жылдары Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының Қармақшы ауданы бойынша ақпараттық-маркетингтік жүйесінің статистигі, Қармақшы аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің жетекші маманы, Қармақшы аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, Қармақшы ауданы әкімінің көмекшісі, Қармақшы ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы, бас инспекторы қызметтерін атқарған.

2016 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қармақшы ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы қызметін абыроймен атқарып келді.
08 шілде 2026 ж. 286 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 269
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 426

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30