» » Мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы тағайындалды

Мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы тағайындалды

Қармақшы ауданының әкімі М.Қалдарбековтың өкімімен Сүлеев Талғат Мирұлы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап Қармақшы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.
Сүлеев Талғат Мирұлы 1976 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында дүниеге келген.
2003 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетінде «Заңгер» мамандығы бойынша жоғары білім алған.
Алғаш еңбек жолын 2004-2007 жылдары Алматы қаласында «Легал Партнершип» ЖШС-де заңгер көмекшісі болып бастаған.
2011-2013 жылдары Қармақшы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыстары бөлімінің маманы;
2013-2015 жылдары Қармақшы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыстары бөлімінің инспекторы;
2015-2016 жылдары Қармақшы ауданы әкімі аппаратының кадр жұмысы (персоналды басқару) бөлімінің бас маманы;
2016 жылдан бастап осы уақытқа дейін Қармақшы ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас инспекторы қызметін абыроймен атқарып келді.
"Қт" ақпарат
04 қазан 2020 ж. 1 907 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10426)

05 тамыз 2025 ж.

№57 (10425)

02 тамыз 2025 ж.

№56 (10424)

29 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 189
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031