» » Жаңа басшы тағайындалды

Жаңа басшы тағайындалды


Қармақшы ауданының әкімі М. Қалдарбековтың өкімімен Ақжігітов Ғалымжан Амангелдіұлы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес 2020 жылдың тамыз айынан бастап «Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметіне тағайындалды.
Ақжігітов Ғалымжан Амангелдіұлы 1979 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында дүниеге келген.
1998-2003 жылдары Орта Азиялық университетінде «Заңгер» мамандығы бойынша жоғары білім алған.
Алғаш еңбек жолын 1996-1998 жылдары Қармақшы «Толағай» акционерлік қоғамының маманы болып бастаған.
2007 жылы Қармақшы ауданы әкімі аппаратының кеңесшісі;
2007-2008 жылдары Қармақшы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыстары бөлімінің бас маманы, ұйымдастыру-инспекторлық және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы;
2008-2012 жылдары Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, бухгалтерлік есеп жүргізу, жоспарлау, құқық, кадр жұмысы, ұйымдастыру және әлеуметтік әріптестік жөніндегі бас маманы;
2012-2017 жылдары «Қармақшы ауданының жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры;
2017 жылдан бастап осы уақытқа дейін Т. Көмекбаев ауылдық округі әкімінің қызметін абыроймен атқарып келді.
17 тамыз 2020 ж. 2 183 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930