» » Жаңа қызметке тағайындалды

Жаңа қызметке тағайындалды


Қармақшы ауданының әкімі М.Қалдарбековтың өкімімен Ниматулла Жанар Абайқызы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V Заңына сәйкес 2020 жылдың маусым айынан бастап «Қармақшы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметіне тағайындалды. 

Ниматулла Жанар Абайқызы 1980 жылы дүниеге келген. 
2001 жылы Алматы қаласындағы Қайнар университетінде «Халықаралық экономика» мамандығы бойынша жоғары білім алған.

Алғаш еңбек жолын 2002 жылы экономика және кәсіпкерлік департаментінің экономикалық нақты сектор бөлімінің жетекші маманы болып бастаған. 

2002 -2005 жылдары экономика департаментінің жиынтық экономикалық бөлімінің бас маманы;

2006 жылы экономикалық және бюджеттік жоспарлау департаментінің нақты сектордың даму бөлімінің бас маманы; 

2007 жылы экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің әлеуметтік – экономикалық даму мониторингін жүргізу бөлімінің бас маманы; 

2007 – 2016 жылдары Қармақшы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы; 

2016-2017 жылдары Қармақшы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің экономикалық саясатты дамыту секторының меңгерушісі; 

2017 жылдан бастап осы уақытқа дейін Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары қызметін абыроймен атқарып келді.
03 маусым 2020 ж. 1 868 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10361)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (10360)

30 қараша 2024 ж.

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 511

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 583

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031