» » Әріптесіміз ауыл әкімі болды

Әріптесіміз ауыл әкімі болды


Қармақшы ауданы әкімі М.Қалдарбековтың өкімімен Тұрсынбаева Нұржамал Бектайқызы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес 2020 жылдың маусым айынан бастап Ақжар ауылдық округі әкімінің лауазымымен көзделген міндеттерді уақытша атқаруға міндетті арнайы тексеруден өткені туралы нәтижелерді алған күніне дейін еңбек шарты негізінде қызметіне қабылданды.
Тұрсынбаева Нұржамал Бектайқызы 1967 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында дүниеге келген.
1992 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Журналистика» мамандығы бойынша жоғары білім алған.
Алғаш еңбек жолын 1984 жылы «Қармақшы таңы» газетінің тілшісі болып бастаған.
1985-1986 жылдары облыстық «Ленин жолы» газетінің тілшісі;
1986-1998 жылдары Ақжар ауылдық №28 орта мектебінің мұғалімі;
2005-2009 жылдары Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы;
2019 жылдан бастап осы уақытқа дейін Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасына қарасты «Өңірлік Коммуникациялар қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бас маман қызметін абыроймен атқарып келді.
Қ Р Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісінің иегері.
2016 жылы Қызылорда облыстық «Үздік баспасөз хатшысы» номинациясының номинанты, облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Менің тілім» байқауының ұйымдастырушысы, «Қазақстан - Қызылорда» телеарнасындағы «Денсаулық» хабарының редакторы.
Журналистика саласы бойынша 13 байқаудың жүлдегері.
Жанұялы, төрт баланың анасы.
01 маусым 2020 ж. 2 877 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

№87 (10352)

02 қараша 2024 ж.

№86 (10351)

29 қазан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 2 885

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930