Құрылтай
» » Жеңіс Қасымбек Премьер-министрдің орынбасарлығына тағайындалды

Жеңіс Қасымбек Премьер-министрдің орынбасарлығына тағайындалды

Мәжілістің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінде өткен отырыста Жеңіс Қасымбектің кандидатурасы ҚР Премьер-министрінің орынбасары лауазымына тағайындау мақұлданды, деп жазады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Бұл туралы «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы»   Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 22-1 бабына сәйкес Комитет отырысында қарастырылды.  
Жеңіс Қасымбек 1975 жылы 7 мамырда дүниеге келген.
Қазіргі лауазымы: ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.
Білімі: 1997 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын тәмамдаған, сәулетші-дизайнер.
2001 жылы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығын тәмамдаған.
Экономика ғылымдарының кандидаты. Диссертациясының тақырыбы: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік көлік кешенін дамытуды реттеу (2009).
1997-1998 жылдары – ҚазБСҚА зерттеушісі;
1998 жылы – «Темірбанк» ААҚ бас маманы;
1998-2000 жылдары – ҚР Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитетінде бөлім бастығы;
2000-2004 жылдары – ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі Су көлігі департаментінің директоры;
2004-2005 жылдары – «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК директоры;
2005-2009 жылдары – ҚР Көлік және коммуникациялар вице-министрі;
2009-2014 жылдары – ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің жауапты хатшысы;
2014 жылы – ҚР Көлік және коммуникациялар министрі;
2014-2016 жылдары – ҚР Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары;
2016 жылы – ҚР Инвестициялар және даму министрі;
2016 жылы – инвестициялық омбудсмен болып тағайындалды.

BAQ.KZ.

25 ақпан 2019 ж. 1 255 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 642
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 103

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31