АУДАН БАСШЫСЫ ЖАНДОС ЕРКІНБЕКТІҢ 1 ҚЫРКҮЙЕК - БІЛІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ
Қадірлі ұстаздар!
Құрметті ата-аналар, оқушылар!
Баршаңызды 1 қыркүйек – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Жаңа оқу жылының басталуы – болашаққа деген сенімді арттырып, білім мен тәрбиеге ерекше мән беретін маңызды сәт.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласын еліміздің болашағын айқындайтын бағыттардың бірі ретінде үнемі назарда ұстап келеді. Өйткені сапалы білім мен саналы тәрбие – бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастырудың берік негізі.
Жаңа 2026–2027 оқу жылында ауданымыздың 14 955 оқушысы 803 сынып жиынтығында білім алатын болады. Оның ішінде 1-сыныпқа 1 400 бүлдіршін қабылданып, білім жолында алғашқы қадамдарын бастайды. Ал өткен 2025–2026 оқу жылындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша ауданымыздағы түлектердің орташа жинаған балы – 86,4 ті құрады. Бұның барлығы біздің жас ұрпақтың игілігі үшін жасалуда. Солардың жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне барынша жағдай жасау біздің басты мақсатымыз болып қала бермек.
Қадірлі жас өрендер!
«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды». Сондықтан білімге деген құлшыныстарыңыз өшпесін, талпыныстарыңыз тоқтамасын!
Жаңа оқу жылында шәкірттерге табыс, ұстаздарға шығармашылық шабыт, ата-аналарға сәттілік тілеймін! Жаңа биіктерге жетелейтін білім жолдарыңыз әрдайым жарқын болсын!
Білім күні тағы да құтты болсын! Еліміз өсіп, киелі Қармақшымыз өркендей берсін!

















