Құрылтай
» » Аудан әкімі Жандос Еркінбектің Отан қорғаушылар күнімен құттықтауы

Аудан әкімі Жандос Еркінбектің Отан қорғаушылар күнімен құттықтауы




ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып жүрген барлық ер-азаматтар – еліміздің мақтанышы. Сондықтан бұл мағыналы мереке – мемлекетіміздің қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін қорғап жүрген азаматтарға көрсетілер үлкен құрметтің белгісі.

Осы ретте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз Отанға қалтқысыз қызмет ету қағидатын және Конституцияда айқындалған мызғымас құндылықтарды негізге ала отырып, сан ғасырлық тарихы бар мемлекеттілігіміздің тұғырын нығайта түсеміз, биік мақсат-мұратымызға жетіп, Әділетті, Күшті, Қауіпсіз Қазақстанды құрамыз. Мен бұған кәміл сенемін»,- деп атап өтті.

Бүгінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің сарбаздары бұл қызметті жоғары абыроймен жалғастырып келеді.Құрылғанына 34 жыл толған Қарулы Күштеріміз Тәуелсіздігіміздің сенімді тірегіне айналды. Сондай-ақ ел қорғаны болар азаматтарды тәрбиелеп отырған ата-аналарға да алғысым шексіз!

Құрметті аудан тұрғындары!

Баршаңызды тағы да батырлық пен ерліктің мерекесі болған - Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары еліміздің шекарасын айқындап, іргемізді бекіттік. Сол шекарамыздың бекемдігі, аспанымыздың ашық болуы, ел бақытының баянды болуы - Отан қорғаушылар қолында. Осы міндетті мінсіз атқарып келе жатқан Қарулы Күштер - қоғамдағы татулық пен келісімнің негізі болады деп сенемін!

Ержүрек ерлеріміздің бұл мерекесі елімізге әрдайым қуаныш пен береке әкелсін. Аспанымыз ашық, бейбіт өміріміз баянды болсын!
07 мамыр 2026 ж. 160 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№52 (10520)

14 шілде 2026 ж.

№51 (10519)

09 шілде 2026 ж.

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 469
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 967

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031