» » Ерлер – жердің қорғаны, елдің тұтқасы

Ерлер – жердің қорғаны, елдің тұтқасы



Еліміздің тыныштығы мен тәуелсіздігін қорғау – қай заманда да ең басты міндеттердің бірі. Отан алдындағы борышын адал атқарып жүрген ерлерге құрмет көрсету, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиеттерді сіңіру де қазіргі маңызды рухани құндылықтардың бірі.

Осыған орай бүгін Шамшат Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай «Ерлер – жердің қорғаны, елдің тұтқасы» атты салтанатты шара ұйымдастырылды.

Мерекелік жиында аудан әкімі Жандос Еркінбек сөз сөйлеп, Отан қорғаушыларды айтулы күнмен құттықтап, өз алғысын білдірді.
«Халқымыздың ерлігін дәріптейтін бұл маңызды мереке - батылдық пен ерліктің жарқын көрінісі, Отанға деген адалдықтың шексіз өлшемі болып саналады. Бүгінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің сарбаздары бұл қызметті жоғары абыроймен жалғастырып келеді.Құрылғанына 34 жыл толған Қарулы Күштеріміз Тәуелсіздігіміздің сенімді тірегіне айналды. Ерлеріміздің бұл мерекесі елімізге әрдайым қуаныш пен береке әкелсін. Аспанымыз ашық, бейбіт өміріміз баянды болсын»,- деді Жандос Еркінбек.

Сонымен қатар шарада ел мүддесін қорғаудағы ержүрек батырлардың ізін жалғап жүрген бірқатар сала қызметкерлері облыс әкімінің және аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталып, құрметке ие болды.

Мерекелік кеш көркем бағдарламаға ұласып, сахна төрінде патриоттық әндер шырқалып, әсерлі қойылымдар, спектакльдер ұсынылды. Өнерпаздардың өнері көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлап, кештің мазмұнын аша түсті.

Айта кетсек, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері 1992 жылы құрылған болса, 1993 жылдан бастап 7 мамыр ресми түрде «Отан қорғаушылар күні» ретінде бекітіліп, мемлекеттік мереке ретінде аталып келеді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
07 мамыр 2026 ж. 54 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

№31 (10499)

28 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 047
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 648

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031