АЙБЫНДЫ КҮН

Көшеней Рүстембеков атындағы аудандық жыраулар үйінің алаңында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай салтанатты іс-шара болып өтті. 1992 жылы 7-мамырда Елбасы Н.Назарбаев ҚР Қарулы Күштерін құру туралы Жарлыққа қол қойды. Осы сәттен бері мемлекеттік мерекелердің санатына енгізілді. Биыл айтулы мерекеге 27 жыл толып отыр. Бұл күн – бейбіт елдің тыныштығын әуеде, құрлықта, теңізде қорғап, өз тағдырын ел тағдырымен байланыс­тырып жүрген әрбір әскери қызметші үшін ерекше.
Шараға қатысқан аудан әкімі Сұлтан Мақашов жиналған жұртшылықты тәуелсіз мемлекетіміздің айбынды мерекесі Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, ізгі лебізін жеткізді. Облыстық «Жас сарбаз» бірлестігінің төрағасы Айдос Қожамұратов та сөз сөйлеп, ауданымыздағы білім беру ұйымдарының жанынан құрылған «Жас сарбаз» клуб  жетек­­шілерін марапаттады. Сонымен бірге аудандық «Жастар ресурстық орталығының» директоры Әділ Ыбрахим әскери борышын өтеуге аттанатын жас сарбаздарға аманат хат табыстады.Салтанатты шара соңы аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының арнайы дайындаған концерттік бағдарламасына жалғасты.
 Қай дәуірде болмасын, Отан қорғау әр Қазақстан азаматының қасиетті борышы болып келеді. Қазақстан әскерлері қатарында қызмет өткеріп жүрген азаматтар, Ұлы Отан соғысы ардагерлері, жауынгер интернационалистерге тек мереке күні емес, әрдайым қандай құрмет көрсетсек те лайық.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, кез келген уақытта Отан қорғауға даяр азаматтарымыз көп болсын. Қарулы Күштеріміздің қуаты ны­ғайып, айбыны асқақтап, даңқы арта бергей. 
Гүлжанат ДҮЗЕНОВА,
«Қармақшы таңы».
09 мамыр 2019 ж. 1 064 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031