» » Ерлер ердің қорғаны, елдің тұтқасы

Ерлер ердің қорғаны, елдің тұтқасы

qarmaqshy-tany.kz Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне арналған «Ерлер – елдің қорғаны, елдің тұтқасы» атты мерекелік салатанатты шара өтті.

Мерекелік жиында аудан әкімі Жандос Еркінбек жиынға қатысушыларды Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, халқымыз үшін бұл мереке - батырлық пен табандылықтың, отансүйгіштік пен Отанға шексіз қызмет етудің нышаны екендігін атап өтті.

- Бүгінде қуаты артқан Қазақстанның қарулы күштері заманның кез келген қауіп-қатеріне жауап беретін мықты армияға айналды.

Мемлекетіміздің шекарасы берік, халқымыздың бейбіт болуында өз міндетін әуе кеңістігінде, құрылықта, теңізде, шекарада адалдықпен атқарып жүрген айбыны асқақ әскерилерге, әскери борышын өтеп жүрген сарбаздарға алғысымды білдіремін!

Егемен еліміздің мұрат-мүддесі жолындағы елдік істеріңізге сәттілік, өздеріңізге мықты денсаулық, отбастарыңызға құт-береке, амандық тілеймін,- деді аудан басшысы.

Салтанатты шарада Отан қорғау жолындағы еселі еңбектері үшін құқық қорғау саласының қызметкерлері мен әскерилер, білім беру ұйымдарының алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдері марапатталды.

Мұнан соң, мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдау рәсімі өтіп, әскерге аттанушы болашақ сарбаздарға Аманат хат тапсырылды.
Мерекелік іс-шара аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына жалғасты.

06 мамыр 2023 ж. 172 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10289)

23 наурыз 2024 ж.

№23 (10288)

19 наурыз 2024 ж.

№22 (10287)

16 наурыз 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031