» » Аудан әкімінің құттықтауы

Аудан әкімінің құттықтауы

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!
Баршаңызды 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – бейбіт елдің тыныштығын әуеде, құрлықта, теңізде қорғап, өз тағдырын ел тағдырымен байланыстырып жүрген әрбір әскери қызметші үшін ерекше күн. Аға ұрпақ пен жас буынның Отанын қорғаудағы қызметін әрқашан мақтан тұтамыз.
Отан қорғау – әрбір азаматтың қасиетті де адамдық борышы. Жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу басты мақсат. Ендеше отаншылдық сана-сезім, іс-әрекет осы жолдағы өзін-өзі тәрбиелеудің басты бағыты.
Елімізді өркендету жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық, бейбіт ғұмыр тілеймін.
Туған жеріміздің іргесі бүтін, Тәуелсіздіктің көк байрағы биік, бірлігіміз бекем болсын!

Құрметпен, аудан әкімі Әділбек ЕРСҰЛТАНОВ
07 мамыр 2022 ж. 1 596 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 123
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 708

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031