Аудан әкімі 7 мамыр мерекесімен құттықтады
ҚҰРМЕТТІ ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!
Баршаңызды 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап ел қауіпсіздігін сақтауға баса назар аударылды. Еліміздің шекарасы белгіленіп, қарулы күштеріміз құрылды.
Халқымыз «Ер – елінің қорғаны» десе, батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының «Отан үшін отқа түс-күймейсің!» деген сөздері ел намысын өз тағдырынан әрқашан жоғары қойғанын байқайсың.
Қай заманда болмасын ата-бабамыз от пен оққа оранып, жанын қиса да, арын сатпаған, бір сүйем жерін жау қолына ұстатпаған.
Киелі өңіріміз талай батырлар мен оғландардың Отаны болғаны баршаға аян. Кешегі өткен Жалаңтөс Баһадүрді, Тәуке хан тұсында қол бастаған Текей батырды, Ұлы Отан соғысы жылдарында Тәйімбет Көмекбаев атамыздай батырларды дүниеге келтірген топырақтан, елі мен жері үшін жанын берер азаматтарымыз бүгінгі күні де аз емес.
Бар өмірін әскери қызметке арнап, өз қызметін мінсіз атқарып жүрген сардарларымыз бен сарбаздарымызға алғысымызды білдіреміз.
Құрметті Қармақшылықтар!
Тәуелсіздігіміз бен бейбітшілігімізді қас қақпай күзетіп, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!
Бейбітшілікті сүйген Тәуелсіз еліміздің айбынын асқақтатып, абыройын арттыра түсетін қуанышты күндер көп болсын!
Баршаңызды атаулы мерекемен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, мықты денсаулық, елдігімізді нығайту жолындағы қажырлы еңбектеріңізге табыстар тілеймін.
Еліміздің айбынын асқақтатар ер-азаматтарымыз, сардарлар мен сарбаздар аман болсын!
Құрметпен,
Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков