» » Аудан әкімінің 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтауы

Аудан әкімінің 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтауы



Құрметті Қармақшы
ауданының тұрғындары!
Қымбатты жерлестер!

Баршаңызды 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап ел қауіпсіздігін сақтауға баса назар аударылды. Еліміздің шекарасы белгіленіп, қарулы күштеріміз құрылды.
Халқымыз «Ер – елінің қорғаны» десе, батыр бабамыз Бауыржан Мо­мыш­ұлының «Отан үшін отқа түс, күймейсің!» деген сөздері ел намысын өз тағдырынан әрқашан жоғары қойды.
Киелі өңіріміз талай батырлар мен оғландардың Отаны болғаны баршаға аян.
Бүгінгі мерейлі мерекеде бар өмірін әскери қызметке арнап, өз қызметін мінсіз атқарып жүрген сардарларымыз бен сарбаздарымызға алғысымызды білдіреміз.
Тәуелсіздігіміз бен бейбітшілігімізді қас қақпай күзетіп, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!
Бейбітшілікті мақсат еткен Тәуелсіз еліміздің абыройын асқақтата түсетін қуанышты күндер көп болсын!
Баршаңызды бүгінгі мерекемен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, мықты денсаулық, елдігімізді нығайту жолындағы еңбектеріңізге зор табыс­тар тілеймін.
Еліміздің айбынын асқақтатар ер-азаматтарымыз, сардарлар мен сарбаздар аман болсын!

Құрметпен,
Қармақшы ауданының
әкімі Мұса Қалдарбеков
07 мамыр 2021 ж. 3 243 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031