Қадірлі жерлестер! Құрметті отан қорғаушылар!
Сіздерді еліміздің айбынды мерекесі – 7 мамыр Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Халқымыз үшін бұл мереке – батырлық пен табандылық, отансүйгіштік пен Отанға шексіз қызмет етудің нышаны.
«Ер – елінің қорғаны», – деп дана халқымыз айтқандай, Отанды қорғау еліміздің әрбір ер азаматының қастерлі борышы.
Сондықтан жас жеткіншектеріміздің әскерге барып, Отан алдындағы борышын өтеп, елге қызмет жасауы бағытында жастарға патриоттық тәрбие беруді күшейтуіміз қажет. Бұл жұмыстарға баршамыз қоғам болып атсалысуымыз керек.
Сонда ғана біз Тәуелсіз мемлекетіміздің отансүйгіш ұрпақтарын қалыптастыруға қол жеткіземіз.
Бүгінде қуаты артқан Қазақстанның қарулы күштері заманның кез келген қауіп-қатеріне жауап беретін мықты армияға айналды.
Мемлекетіміздің шекарасы берік, халқымыздың бейбіт болуында өз міндетін әуе кеңістігінде, құрылықта, теңізде, шекарада адалдықпен атқарып жүрген айбыны асқақ әскерилерге, әскери борышын өтеп жүрген сарбаздарға алғысымды білдіремін!
Егемен еліміздің мұрат-мүддесі жолындағы елдік істеріңізге сәттілік, өздеріңізге мықты денсаулық, отбастарыңызға құт-береке, амандық тілеймін.
Тәуелсіздігіміз бен тыныштығымызды, қауіпсіздігіміз бен бейбітшілігімізді қас қақпай күзетіп, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры нық, ғұмыры мәңгі болсын!
Құрметпен, аудан әкімі Жандос ЕРКІНБЕК