Құрылтай
» » Құрметті жерлестер!

Құрметті жерлестер!

Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген барлық әскери қызметшілер үшін ерекше мәнге ие мереке. Олар тәуелсіз Қазақстанның бейбіт өмірін қорғауда абыройлы міндеттерін атқарып, ел намысын жоғары қоя білетін ерлік пен отансүйгіштіктің үлгісін көрсетіп келеді.
Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Кемелұлы Тоқаевтың тікелей қолдауының арқасында Қарулы Күштеріміздің әлеуеті артып, қорғаныс қабілеті нығайып келеді. Заманауи қару-жарақпен жабдықталған, кәсіби кадрлармен толыққан әскеріміз – тәуелсіздігіміздің берік қалқаны.
Халқымыз «Ер – елінің қорғаны» десе, батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының: «Отан үшін отқа түс – күймейсің!» деген өсиеті – нағыз елжандылықтың символы.
Ұлт батырларының ерлігі мен жанқиярлық рухы – бүгінгі бейбіт өмірдің негізі. Оларды ардақтап, отансүйгіштік қасиеттерді кейінгі ұрпаққа дарыту – біздің перзенттік парызымыз.
Қазіргі күні елімізде Отанды қорғаушылардың рухы асқақтап, әскери қызметтің беделі артып келеді. Бұл – ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі стратегиялық маңызы зор жетістік.
Құрметпен, Қармақшы ауданының әкімі Жандос ЕРКІНБЕК
07 мамыр 2025 ж. 540 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 664
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31