» » ҚЫМБАТТЫ ЖЕРЛЕСТЕР! АРДАҚТЫ АҒАЙЫН!

ҚЫМБАТТЫ ЖЕРЛЕСТЕР! АРДАҚТЫ АҒАЙЫН!

Сіздерді елдік пен ерліктің, мызғымас бірліктің мерекесі – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

9 мамыр – Батыр бабаларымыздың өшпес ерлігі тарихта мәңгілік қалған күн. Баршамызға бейбіт өмір мен баянды болашақ аманат етілген кез. Біз, Отан үшін от кешкен, ерлердің өр рухына мәңгілік тағзым етіп, ардагерлер алдында бас иеміз. Ұлы дала батырларының қайсар рухын халық болып ұлықтау – біздің перзенттік парызымыз.

Қармақшы ауданынан соғысқа аттанған 5000-ға жуық азаматтың 563-і ғана елге аман-сау оралса, 2507-і хабарсыз кетіп, 1025-і соғыстан келмегендердің қатарына енді. 1 соғыс ардагеріне майдандағы ерен ерлігі мен мемлекет алдында сіңірген еңбегі үшін жоғары дәрежелі Кеңес Одағының Батыры атағы берілген.

Батыр бабаларымыздың жауынгерлік жолдары, ерлік рухы кейінгі ұрпақтарын, бүгінгі жас Отан қорғаушыларды әрқашан асқақ арман-мұраттар мен ерлікке бастап келеді.

Тыл еңбеккерлері де Ұлы Жеңісті жақындатуға өлшеусіз үлес қосты. Сондықтан біз әрдайым ардагерлерімізді ардақтап, Отан үшін опат болған ерлердің рухына тағзым етеміз. Біз әкелеріміз бен аталарымыздың жанкешті ерлігін ешқашан ұмытпаймыз!

Азаттықтың ақ таңын атырған жауынгерлердің рухы мен бауырлас халықтар достығының алып күші уақыт өткен сайын шоқтығы биіктеп, қадір-қасиеті артып, тағылым-тәрбиесі мен мән-мағынасы тереңдей түсуде.

ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Айтулы мерекеде баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, сарқылмас ырыс тілеймін! Әрдайым еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!
Құрметпен, аудан әкімі
Жандос ЕРКІНБЕК

09 мамыр 2024 ж. 384 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930