Құрылтай
» » Аудан әкімі Жеңіс күнімен құттықтады

Аудан әкімі Жеңіс күнімен құттықтады





ҚЫМБАТТЫ ЖЕРЛЕСТЕР!

Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 77 жылдығы мерейлі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Жеңіс – батылдық пен қаһармандықтың, халқымыздың бірлігінің беріктігі мен қайсар рухының
мерекесі. «Ер басына күн туып, етігімен қан кешкен» сұрапыл жылдардағы батыр майдангерлеріміздің өлшеусіз ерліктері мәңгі ұмытылмайды. Ерліктің ерен үлгісін танытып, бүгінгі бейбіт күн сыйлаған майдангерлерімізді әрдайым ардақтап, болашақ ұрпақ алдында мақтан етеміз.

Құрметті аудан тұрғындары!

Қармақшы жерінен майдан шебіне аттанып, ел қорғаған батыр бабаларымыздың, ардақты майдангерлеріміздің және тыл ардагерлеріміздің
өшпес ерлігі біздің мәңгі есімізде сақталады. Тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы, еліміздің өркендеуі осынау мерекенің жемісі. Бүкіл халық жадындағы қастерлі мереке – Ұлы Жеңіс күні құтты болсын! Әр отбасына ырыс-береке, елімізге бейбітшілік тілеймін!

Ізгі тілекпен,
аудан әкімі Әділбек ЕРСҰЛТАНОВ
09 мамыр 2022 ж. 1 440 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 592
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 053

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31