» » Аудан әкімі Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтады

Аудан әкімі Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтады

ҚҰРМЕТТІ ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!
ҚЫМБАТТЫ ЖЕРЛЕСТЕР!

Баршаңызды 9 мамыр - Ұлы Жеңістің 76 жылдығы мерейлі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Жеңіс күні – халқымыздың ерен еңбегі мен батыр бабаларымыздың ерлігі арқылы келді.

Бұл қасиетті күн – біз үшін ең қымбат күн! Шартарапты шарпыған Ұлы Отан соғысы жылдары майдан даласы мен тылда патриоттық парыздарына адал болған жерлестеріміздің ерен ерлігіне бас иеміз.
Уақыт алға жылжыған сайын Отанымызды қорғап қалған батырларымыздың теңдесіз ерлік істерінің шоқтығы биіктей түседі.

Отты жылдары «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» деген ұранмен еңбек еткен бүгінгі бейбіт күнгі ортамыздағы еңбек және тыл ардагерлеріміздің ерен екбектері еш ұмытылмақ емес.Әрқашанда жастарымыз аға буын ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан тағылым алады, оларға қарап бой түзейді.

Ардақты майдангерлеріміздің өшпес ерліктері біздің мәңгі есімізде сақталады.
Тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы, еліміздің өркендеуі де осынау қастерлі мерекенің жемісі.

Мерейлі мерекеде ардагерлерімізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, әрбір отбасына бақ - береке, елімізге бейбітшілік тілеймін!

Мереке құтты болсын!

Ізгі тілекпен,
Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков


09 мамыр 2021 ж. 967 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 339
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 118

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930