» » Құрметті жерлестер! Ардақты ағайын!

Құрметті жерлестер! Ардақты ағайын!

Баршаңызды 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – бейбіт елдің тыныштығын қорғап, өз тағдырын ел тағдырымен байланыстырып жүрген әрбір әскери қызметші үшін ерекше күн.
Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тікелей қолдауы мен қамқорлығының арқасында Қарулы Күштеріміздің айбары асып, айбыны асқақтай түсті. Олар тәуелсіз еліміздегі тыныштық пен тұрақтылықты сақтауда өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып, еліміздің еңсесін тіктеп, еркіндігімізді кеңейтті.
Халқымыз «Ер – елінің қорғаны» десе, батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының «Отан үшін отқа түс, күймейсің!» деген сөздері ел намысын өз тағдырынан әрқашан жоғары қойды.
Отан үшін оққа кеудесін тосқан батыр бабаларымыздың ерлігін ұмытпау, бүгінгі бейбіт өмірді ұрпаққа аманат ету – біздің перзенттік парызымыз.
Еліміздегі жауынгерлеріміздің ұрыс қабілеті артып, қазіргі заманғы қару-жарақтармен жабдықталып, әскер қатары білікті кадрлармен толығып келеді. Отанымыздың шекарасын, аумақтық тұтастығын қорғау үшін барлық қажетті жағдайлар жасалуда. Ең бастысы, жауынгеріміздің бойында отаншылдық рух күшейіп, әскери қызметтің абыройы мен беделі көтерілді.
Бүгінгі мерейлі мерекеде бар ғұмырын әскери қызметке арнап, өз қызметін мінсіз атқарып жүрген сардарларымыз бен сарбаздарымызға алғысымды білдіремін.
Қадірлі қармақшылықтар!
Баршаңызды Отан қорғаушылар күнімен тағы да құттықтай отырып, елімізді өркендету жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, бейбіт ғұмыр тілеймін!
Туған жеріміздің іргесі бүтін, Тәуелсіздіктің көк байрағы биік, бірлігіміз бекем болсын!
07 мамыр 2024 ж. 389 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 216

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930