Құрылтай
» » Қармақшыда Отан қорғаушылар күні аталып өтті

Қармақшыда Отан қорғаушылар күні аталып өтті


Аудан орталығындағы Мемлекеттік Рәміздер алаңында егемен еліміздің айбынды мерекесі – Отан қорғаушылар күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараға аудан әкімі Жандос Еркінбек, аудан ардагерлері, мекеме, кәсіпорын басшылары мен қызметкерлері, құқық қорғау органдарының және ҮЕҰ, БАҚ өкілдері, белсенді жастар қатысты.

Мерекелік іс-шараның алғы сөзінде аудан әкімі бейбіт елдің тыныштығын қорғап, өз тағдырын ел тағдырымен байланыстырып жүрген әскери қызметшілерге ризашылығын білдіріп, жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтады.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тікелей қолдауы мен қамқорлығының арқасында Қарулы Күштеріміздің айбыны асқақтай түсті. Бүгінде еліміздің шекарасын, аумақтық тұтастығын қорғау үшін барлық жағдайлар жасалуда. Ең бастысы, жауынгерлеріміздің бойында отаншылдық рух күшейіп, әскери қызметтің абыройы мен беделі көтерілді. Бүгінгі мерейлі мерекеде өз қызметін мінсіз атқарып жүрген азаматтарға зор алғысымды білдіремін, – деді аудан әкімі.

Шара барысында құқық қорғау органдарының ардагерлері мен қызметкерлеріне облыс, аудан әкімінің алғыс хаттары табысталды. Сондай-ақ, су басқан өңірлерге барып, көмек көрсеткен жүк көліктерінің жүргізушілері мен гуманитарлық көмек жіберуге атсалысқан еріктілер марапат төрінен көрінді.

07 мамыр 2024 ж. 408 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 664
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31