Құрылтай
» » ШАЛҒАЙДА ОРНАЛАСАН ЕЛДІ МЕКЕНДЕР НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ

ШАЛҒАЙДА ОРНАЛАСАН ЕЛДІ МЕКЕНДЕР НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ


Қармақшы ауданындағы ең шалғай елді мекендердің бірі саналатын Тәйімбет Көмекбаев ауылдық округінің әлеуетін арттыру бағытында бірқатар жұмыстар жүзеге асырылып келеді.

Осыған байланысты бүгін аудан әкімінің тапсырмасымен «Руханият» орталығында бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен өткен баспасөз брифингінде ауыл әкімі Бахытжан Әбдиев 2026 жылдың алғашқы алты айында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер жөнінде баяндады.

Ауыл халқының негізгі кәсібі – мал шаруашылығы, сонымен қатар тұрғындар бақша өнімдерін өсірумен де айналысады.

Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көшелерге 4 бейнебақылау камерасы орнатылды. Сонымен қатар ауыл көшелерінің барлығында жарықтандыру жүйесі жұмыс істейді.

Шалғай елді мекендер үшін маңызды мәселенің бірі – интернетке қолжетімділік. Осы бағытта Шобанқазған және Кекірелі елді мекендеріне кең жолақты сымсыз интернет желісі тартылып, биыл оның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін күн энергиясын өндіретін панельдер орнатылды.

Ауыл шаруашылығы ауыл экономикасының негізгі тірегінің бірі болғандықтан биыл ауыл тұрғындарына бақша өнімдерін өсіру үшін «Камали табан», «Торыбай» және «Қарақ» өңірлерінен 24 гектар жер дайындалып, егіс жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек ауылдың абаттандырылуы мен санитарлық тазалығы да тұрақты назарда.

Ауыл үшін маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі – Қарақ учаскесіндегі бес көзді гидротехникалық құрылыстың жөнделуі. Бұған дейін апатты жағдайда болған су тоспасына биыл ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қазір нысан қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр.

Брифинг барысында тұрғындардың жолдаған сұрақтарына толық әрі тұщымды жауап беріліп, елді мекеннің әлеуетін арттыру бағытындағы жұмыс жалғасатыны айтылды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

15 тамыз 2026 ж. 76 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 651
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 110

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31