» » ШАЛҒАЙ АУЫЛДАРДЫҢ ДАМУЫ – ТҰРАҚТЫ НАЗАРДА

ШАЛҒАЙ АУЫЛДАРДЫҢ ДАМУЫ – ТҰРАҚТЫ НАЗАРДА


Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек Тәйімбет Көмекбаев және Қуаңдария ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесіп, атқарылған жұмыстардың нәтижелері мен алдағы міндеттерді талқылады. Кездесу барысында тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер берді.

Ауылдық округтерде халықтың өмір сүру сапасын арттыру, инфрақұрылымды жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қоғамдық тәртіпті бақылауды күшейту мақсатында аудан бойынша 11 елді мекенге бейнебақылау камераларын орнатуға аудандық бюджеттен 27 млн теңге қаржы бөлінді. Осы жоба аясында Тәйімбет Көмекбаев және Қуаңдария ауылдарына әрқайсысына 4 бейнебақылау камералары орнатылып, қоғамдық орындардағы бақылау жүйесі күшейтілді.

Тәйімбет Көмекбаев ауылдық округінде төртінші деңгейлі бюджет қаражаты есебінен Қаратай Қуаңбаев аллеясындағы жарық шамдары жаңартылды. Сонымен қатар ауыл тұрғындарының үй іргелік жерлерін сумен қамтамасыз ету мақсатында ауылдың шығыс және батыс бөліктеріндегі электр насостары тұрақты жұмыс жасауда.
Шобанқазған және Кекірелі елді мекендерінде спутниктік технологиялар арқылы сымсыз желі негізінде кең жолақты интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету жобасы аясында кең жолақты интернет желісі орнатылды.

Қуаңдария ауылдық округінде елді мекеннің инфрақұрылымын дамытуға бағытталған бірқатар жобалар жүзеге асырылды. Жастар саябағы, өрт сөндіру бекеті, көшелерді жарықтандыру және өзге де әлеуметтік маңызы бар нысандарға қажетті жер учаскелерін рәсімдеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ Бәйтерек көшесіне 9 млн-ға жаяу жүргіншілер жолы салынып, тұрғындар игілігіне пайдалануға берілді.

Кездесу барысында тұрғындар жұмыссыздық, аяқ сумен қамтамасыз ету, мәдениет саласын дамыту және өзге де әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлерін білдірді. Аудан басшысы көтерілген сұрақтардың әрқайсысына заңнама аясында түсіндірме беріп, тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

25 маусым 2026 ж. 41 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№47 (10515)

23 маусым 2026 ж.

№46 (10514)

20 маусым 2026 ж.

№45 (10513)

16 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 360
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 882

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930