» » АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДІҢ ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ

АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДІҢ ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ


Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, аудан әкімі мен ауылдық округ әкімдерінің халыққа есеп беру жиындары жалғасуда. Аудан әкімі Жандос Еркінбектің бастамасымен елді мекендердегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға ерекше назар аударылып келеді. Соның ішінде шалғайда орналасқан Тәйімбет Көмекбаев және Қуаңдария ауылдық округтерінде 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында бірқатар маңызды жұмыстар атқарылды.

Т.Көмекбаев ауылдық округінде жыл басында бекітілген 5 млн теңге көлеміндегі жылдық жоспарға қосымша салық түсімдерін нақтылау барысында 1 млн теңге қосымша қаражат түсті. Бұл қаржыға А.Құнанбаев, Ү.Аяпов және Аша көшелеріндегі жарық бағаналарын сырлау және жарық шамдарын жаңарту жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі таңда ауылдағы ұзындығы 10,35 шақырымды құрайтын 11 көшенің барлығы жарықтандырылған. Биылғы атқарылған жұмыстардың бірі- Жаңақала көшесіне 23 дана және Балқы Базар көшесіне 18 дана жаңа жарық шамдары орнатылды.

Сонымен қатар, 2025 жылы ауылдың басты көшесі – Абай Құнанбаев көшесін орташа жөндеуден өткізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, аудандық бюджеттен 2 млн теңге бөлінді. Қазіргі уақытта тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Қуаңдария ауылдық округі бойынша 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 24 гектар жерге бақша дақылдары егілді. Мал шаруашылығы да тұрақты дамып келеді.

Тұрғындардың ұсыныстарын ескере отырып, егіншілікті сумен қамтамасыз ету және жайылымдық жерлерді суландыру мақсатында республикалық бюджеттен 27 млн теңге бөлініп, ауыл маңындағы ұзындығы 15 шақырымды құрайтын «Таңатар» каналы механикалық тазартылуда. Бұл жұмыстар қыркүйек айында аяқталады деп жоспарланған.

Сонымен қатар, І.Мырзақұлов, Бейбітшілік, Ерімбет, Шалғасқат және Жеңістің 40 жылдығы көшелеріне жарық бағаналарын орнату үшін 133 млн теңгеге облыстық бюджетке өтінім берілді.

Аудан басшысының жүйелі жұмыстарының нәтижесінде және ауылдық округтердің мәдени әлеуетін арттыру мақсатында ауылдық клуб үйіне 4,7 млн теңгеге ЛЭД экран сатып алынып, тұрғындар игілігіне пайдалануға берілді.

Аталған ауылдарда мемлекеттік бағдарламалар аясында ауыл экономикасын дамыту және әлеуметтік мәселелерді шешу бағытында жүйелі жұмыстар жалғасуда. Тұрғындардың ұсыныстары ескеріліп, қажетті шаралар қабылданып келеді.

25 шілде 2025 ж. 78 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№55 (10423)

26 шілде 2025 ж.

№54 (10422)

22 шілде 2025 ж.

№53 (10421)

19 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 141
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031