» » Қармақшы ауданы әкімі шалғай ауылдардағы тұрғындармен кездесті

Қармақшы ауданы әкімі шалғай ауылдардағы тұрғындармен кездесті


Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек аудан орталығынан шалғайда орналасқан Тәйімбет Көмекбаев және Қуаңдария елді мекендерінің тұрғындарымен кездесіп, олардың талап-тілектерін тыңдады.

Жергілікті тұрғындармен өткен кездесулерде аудан басшысы Қармақшы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстардың жайын баяндап, алдағы жоспарлармен бөлісті.

Биыл Т.Көмекбаев ауылындағы өзекті мәселелердің бірі электр желілерін қайта жаңғырту үшін 186,2 млн. теңге қаржы бөлінді. Қазір қажетті жабдықтар алынып, жұмыс басталды. Ауылдың бір көшесіне жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, қос елді мекенде балалар және спорттық ойын алаңдары салынуда. Қуаңдария ауылында тұрғындардың көптен күткен қуанышы жаңа фельдшерлік-акушерлік бекеттің құрылысы басталады.

Сондай-ақ, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес нарықты ішкі өнімдермен толықтыру мақсатында Т.Көмекбаев ауылында 13 гектар, Қуаңдария ауылында 25 гектар қосымша бақшалық жерлер дайындалып, 84 отбасыға бөлініп берілді. Нәтижесінде 10 гектар картоп, 7 гектар көкөніс, 21 гектар бақша дақылдары егілді.

Жиын соңында аудан әкімі шалғай елді мекендерді дамыту ісі ерекше назарда болатынын айтып, тұрғындардың ұсыныс-тілектерін тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша тиісті шаралар қабылданатынын және барлық мәселенің жіті қадағалауда болатынын жеткізді.

12 маусым 2024 ж. 359 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 373
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 148

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930