» » Аудан әкімі шалғай елді мекендердегі халықпен жүздесті

Аудан әкімі шалғай елді мекендердегі халықпен жүздесті

qarmaqshy-tany.kz Аудан әкімі Жандос Еркінбек аудан орталығынан шалғай орналасқан Т.Көмекбаев және Қуаңдария ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті. Кездесулерге құқық қорғау саласының басшылары, дербес бөлімдер мен сала басшылары қатысты.
Кездесу барысында аудан әкімі ауыл тұрғындарының әл-ауқатын, тұрмыстық деңгейін жақсарту бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарлармен бөлісті.
Сондай-ақ, аудан басшысы биылғы жылы Т.Көмекбаев және Қуаңдария ауылдық округтерінің электр энергиясының инфрақұрылым жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілетінін айта келе, қазіргі таңда демеушілер есебінен жоба сметалық құжаттары әзірленгендігін жеткізді.
Одан бөлек, ағымдағы жылы аталған елді мекендерді облыс және аудан орталықтарымен байланыстыратын «Самара-Шымкент-Ақжар-Тұрмағамбет-Көмекбаев» аудандық маңызы бар автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары және Қуандария ауылындағы Ерімбет көшесі мен Бейбітшілік көшесін асфальттау жұмыстары жүргізілетінін айтты.
Кездесу соңында, аудан әкімі халықтың талап-тілектерін тыңдап, құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге азаматтарға жеке қабылдау жүргізді.
Сонымен қатар, аудан әкімі елді мекендерге жұмыс сапары аясында Т.Көмекбаев ауылдық округінде құрылысы жүріп жатқан су қабылдайтын құрылғыны қайта құру жұмыстарының барысын бақылады. Аталған құрылыс жұмыстары биылғы жылы толық аяқталып, халық игілігі үшін пайдалануға берілетін болады.


28 ақпан 2023 ж. 447 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

№6 (10374)

24 қаңтар 2025 ж.

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 345
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031