» » Аудан әкімі Төретам кенті мен Ақай ауылы тұрғындарымен кездесті

Аудан әкімі Төретам кенті мен Ақай ауылы тұрғындарымен кездесті

qarmaqshy-tany.kz Аудан әкімі Жандос Еркінбек «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» ҚР Президентінің жарлығына сәйкес Төретам кенті және Ақай ауылдық округінің халқымен кездесу өткізді.
Кездесуде аудан әкімі ауыл тұрғындарының әл-ауқатын, тұрмыстық деңгейін жақсарту бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Ең алдымен тұрғындардың көптен күтіп жүрген мәселесі елді мекендерді газдандыру жұмыстарын биылғы жылдың жылу беру маусымына дейін аяқтау жоспарланып отырғандығын жеткізді.
Сондай-ақ, Төретам - Ақай елді мекендерін жалғап тұрған айналма жолды (Бармин көшесі) күрделі жөндеуден өткізу үшін жоба-сметалық құжаттама әзірленіп жатқандығын, сондай-ақ Ақай ауылдық округіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстары биылғы жылы толық аяқталатынын айтты.
Кездесулер аясында Төретам кенті мен Ақай ауылдық округі әкімдерінің халық алдындағы есебі тыңдалып, тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша түсіндірмелер жүргізілді.
Екі елді мекенде өткен есепті кездесулерден кейін аудан әкімі құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге жеке қабылдау жүргізіп, тұрғындарды толғандырып жүрген мәселелер мен олардың шешілу жолдары бойынша тиісті сала басшыларына міндеттер жүктеді.
Халықпен кездесулер аясында аудан басшысы Ақай ауылдық округіндегі №279 мектеп-лицейінің жылу жүйесінің, күрделі жөндеуді қажет ететін №99 орта мектептің жәй-күйімен,Төретам кентіндегі №16 спорт мектебі ғимаратының жағдайымен және «Әли кидс» балалар ойын- сауық орталығының жұмысымен танысты.
16 ақпан 2023 ж. 413 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10300)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031