Тұрғындардың талап – тілегі ұдайы басты назарда
qarmaqshy-tany.kz Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес аудан әкімі Әділбек Ерсұлтановтың кент ауылдық округтерде 10 айдың қорытындысы бойынша халықпен кездесулері бүгінмен Төретам кенті мен Ақай ауылында жалғасын тапты.
Аудан басшысының алғашқы іс-сапары алдымен Ақай ауылдық округінде өтті. Ауыл халқымен өткен кездесуде аудан әкімі жыл басынан бері өңірдегі атқарылған жұмыстар барысын саралап, алдағы мақсат-міндеттермен бөлісті.
Ақай ауылы бойынша «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында 2023 жылға Қазбек би, Баймаханов, Құдайбердиев көшелеріне асфальт төсеу жұмыстарына қажетті қаржысын бөлу қолдау тапқандығын және сонымен қатар елді- мекенде «Рипсы» күріш таяқшалары өндірісі, жылыжай ашу, кондитер өнімдерін шығару сияқты өнеркәсіп саласындағы жобаларды мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде іске асыру жұмыстары жүргізілуде екендігін айтты.
Сондай-ақ Ақай ауылдық округі әкімі ауылдың әл-ауқаты, тұрмыстық деңгейі, шағын және орта кәсіпкерлік, ауылішілік абаттандыру бағытындағы атқарылған ағымдағы жұмыстар жөнін баяндап, ауыл тұрғындары аудан әкіміне көкейде жүрген өтініш –тілектерін жеткізу үшін жеке қабылдауға жазылды.
Мұнан кейін халықпен көшпелі кездесу Төретам кентінде жалғасты.
Аудан әкімі Ә.Ерсұлтанов биылғы жылы Төретам кентінде «Светофор» сауда орталығы, «Гелиос» жанармай құю бекеті, сонымен қатар бірқатар сауда нысандары іске қосылса, қосымша елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында аяқ су ұңғымаларын орнату жобаларын жүзеге асыру үшін 24 су ұңғымасын қазу қажеттілігі туындап, оның 3 су ұңғымасын Төретам кентінен қазу жоспарлануда екендігін айтты.
Сонымен бірге Төретам кентінің тұрғындары тарапынан үнемі көтеріліп келген санитарлық тазалық мәселесіне тоқталды. Осы мәселелерді шешу үшін биылғы жылы көп қабатты тұрғын үй аулаларындағы септиктерді тазалауға және жөндеу жұмыстарына қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу арқылы жұмыстар атқарылып жатқандығы айтылды.
Төретам кенті әкімі өз кезегінде атқарылған жұмыстарды баяндады.
Кент тұрғындары тарапынан жаңадан су қабылдайтын құрылғы салу, жайылым мәселесі, қоғамдық жұмысқа орналасу сынды сауалдар қойылды.
Аудан әкімі барлық қойылған сауалдар мен өтініш тілектер заң аясында түсіндіріліп, кезең-кезеңімен шешімін табатынын және әр тұрғын сауалы басты назарда болатынын жеткізді.
Сонымен қатар Әділбек Бөрібайұлы ауыл- аймаққа арнайы барған іс-сапары кезінде бірқатар құрылысы жүргізіліп жатқан нысандарды аралап,сала басшыларымен бірге мердігер мекемелерге құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілуіне және уақытылы ел игілігіне берілу керектігін басты айтты.