» » Көгілдір отынның құрылысы басталмақ

Көгілдір отынның құрылысы басталмақ

ЖАҚЫНДА АУДАН ӘКІМІ ӘДІЛБЕК ЕРСҰЛТАНОВТЫҢ ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ ЖҰРТШЫЛЫҚПЕН ЖҮЗДЕСУІ ТӨРЕТАМ КЕНТІ МЕН АҚАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ӨТТІ. КЕЗДЕСУДЕ АУДАН БАСШЫСЫ ТҰРҒЫНДАРҒА АТҚАРЫЛҒАН ӘРІ АҒЫМДАҒЫ АТҚАРЫЛАТЫН ЖҰМЫСТАРҒА ТОҚТАЛЫП, БИЫЛҒЫ ЕСЕП БЕРУДІҢ ЕРКІН ФОРМАТТА ӨТІП ЖАТҚАНЫН ЖЕТКІЗДІ. ЕРЕКШЕЛІК ТЕ СОЛ ФОРМАТ – АШЫҚ ТІЛДЕСУ.
Жиынды аудан әкімі көптен күткен ел тұрғындарын толғандырып жүрген көгілдір отынның мәселесі туралы жақсы жаңалығымен бас­тады. Мәселен, Төретам кенті мен Ақай ауылдық округін газдандыру жұмысына республикалық бюджеттен алғашқы құрылыс жұмыстарына екі елді мекенге 300-300 млн-нан 600 млн теңге ақша бөлініп қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Сондай-ақ Төретам кентіндегі №85 мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы бөлініп қазіргі таңда құрылысы басталған. Биыл аудан бойынша 6 нысанның құрылысы жаңадан бой көтермек. Оның ішінде Ақай ауылын­да да денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы бар.
Ауыл тұрғындары тарапынан көшені жарықтандыру, Ақай мен Төретам кенті арасындағы жолды жөндеу, жайылымдық жерлерді кеңейту жұмыстары негізіндегі ұсыныс-пікірлер тыңдалды.
Кездесу соңында аудан әкімі тұрғындардың жекелей сауалдарына қатысты арнайы қабылдау өткізді. Қабылдауда күрмеуі шешілмей жүрген әлеуметтік мәселелер қозғалды. Осыған орай аудан әкімі тиісті сала мамандарына заңдылықтарға сәйкес шешімін та­уып беруді тапсырды.

Айнұр ӘЛИ
24 мамыр 2022 ж. 805 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (10448)

21 қазан 2025 ж.

№79 (10447)

18 қазан 2025 ж.

№78 (10446)

14 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 720
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 454

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031