» » Қармақшыда газдандыру жұмыстары жүргізілуде

Қармақшыда газдандыру жұмыстары жүргізілуде

ЖОСАЛЫ, 26 желтоқсан – qarmaqshy-tany.kz Биыл Жосалы кентіне газ жеткізу құбырының және кварталішілік газ тарту желілерінің құрылысы үшін республикалық , облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, газ кіргізу жұмыстары басталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков мәлімдеді.
«Жосалы кентіндегі № 250, №26, №30 орта мектептердің және аудандық мәдениет үйінің бу қазандықтарын табиғи газге ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Көмекбаев елді мекеніндегі № 185 орта мектептің бу қазандығын сұйылтылған газге ауыстыру жұмыстарына аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, жұмыс толығымен аяқталды. Ал №183 орта мектептің жылу қазандығын табиғи газге қосу жұмыстарына аудандық бюджеттен қаржы бөлінді», -деді Мұса Оспанұлы.

Сондай-ақ, үстіміздегі жылы Төретам кентімен Ақай елді мекені және кварталішілік жүргізілетін газ құбырының құрылысына қаржы бөлініп, жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеу бағытында жұмыстар атқарылуда.
26 желтоқсан 2019 ж. 1 287 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (10532)

24 тамыз 2026 ж.

№63 (10531)

22 тамыз 2026 ж.

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 737
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 183

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31