Аудан әкімі: Биыл газдан үміт бар
ЖОСАЛЫ, 30 қаңтар – qarmaqshy-tany.kz Облыстық бюджет есебінен барлығы 210,2 млн теңгеге 5 мектептің бу қазандығының құрылысын жүргізу қарастырылған. Бүгінгі күні Төретам кентіндегі №85, Ақжар елді мекеніндегі №28, Жосалы кентіндегі №27 және №105, №29 мектеп ғимаратының жылумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстарының құрылысы жүргізіліп, пайдалануға қабылданды.
Газдандыру мәселесіне байланысты 2019 жылы Жосалы кентіне газ жеткізу құбырының және кварталішілік газ тарту желілерінің құрылысы үшін республикалық бюджеттен 719,0 млн теңге және облыстық бюджеттен 34,3 млн теңге, барлығы 753,3 млн теңге қаржы бөлінді. Жалпы құны - 3 млрд. 700 млн теңге (2019 жылы бөлінген қаржы толығымен игеріліп, қалған қаржы 2020 жылы бөлінуде).
- Бұл қаржыға биылғы жылы Жосалы кентіне газ кіргізу жұмыстары басталды. Аталған жұмыс облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан жүзеге асырылуда. 2019 жылы Көмекбаев елді мекеніндегі №185 орта мектептің бу қазандығын сұйылтылған газге ауыстыру жұмыстарына аудандық бюджеттен 23,1 млн. теңге қаржы бөлініп, жұмыс толығымен аяқталды. Сонымен бірге, аудан орталығы Жосалы кентіндегі №250, №26, №30 орта мектептердің және аудандық мәдениет үйінің бу қазандықтарын табиғи газге ауыстыру жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге аудандық бюджеттен 3,8 млн.теңге қаржы бөлінді. №183 орта мектептің жылу қазандығын табиғи газге қосу жұмыстарына аудандық бюджеттен 13,2 млн теңге қаржы бөлінді. Ағымдағы жылы Төретам кентіне жүргізілетін газ құбырының және кварталішілік газ құбырларының құрылысына және Ақай елді мекеніне жүргізілетін газ құбырының және кварталішілік газ құбырларының құрылысына жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстарын бастау мақсатында 10,0 млн.теңге облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, «Қызылорда облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесімен жобалық сметалық құжаттамалар әзірлеу бағытында жұмыстар атқарылуда, - деді аудан басшысы М.Қалдарбеков.