» » 57 көшеге газ тартылды - жұмыс жалғасуда

57 көшеге газ тартылды - жұмыс жалғасуда

ЖОСАЛЫ, 13 қараша - qarmaqshy-tany.kz Аудан тұрғындарының әлеуметтік жағдайына және кәсіпкерліктің дамуына тікелей әсер ететін аудан орталығы Жосалы кентін газдандыру жобасының басталуы аудан экономикасының одан әрі дамуына, болашаққа үлкен сеніммен қарауға жетелейді, деп жазады аудандық ЖКХ фейзбуктегі парақшасында.
2017 жылы «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральді газ құбырының 14,5 шақырымы мен АГТС (автоматтандырылған газ тарату станциясы) құрылысы басталып, 2018 жылы құрылыс жұмыстары аяқталды.
2019 жылы Жосалы кентіне газ жеткізу құбырының және кварталішілік газ тарту желілерінің құрылысы үшін Республикалық бюджеттен 718 987,0 мың теңге және облыстық бюджеттен 34 289,0 мың теңге барлығы 753 186 мың теңге қаржы бөлініп, «Қызылорда облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ арқылы қаржы игерілуі күтілуде. «Қызылорда облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ-і тарапынан Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы аясында мердігер мекеме анықтау мақсатында конкурс өткізілген. Нәтижесімен мердігер мекеме «Энергоресурс» ЖШС-мен Жосалы кентіне газ құбырын салу жұмыстары басталуда. 
Қармақшы ауданы, Жосалы кентіне газ құбырын жүргізу мақсатында «Энергоресурс» ЖШС-нен 45 адам, 10 техника жұмыс істеуде. Жосалы кентінде 114 көше орналасқан. Оның ішінде ГРП-1; ГРП-2; ГРП-3 аумағы бойынша қазіргі таңда 57 көшеге газ құбыры тартылып, қалған көшелерге жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылуда. Осыған байланысты 2016 жылы әзірленген Жосалы кентін газдандыруға арналған жобаға сәйкес жоспарланған 4529 метр жоғары қысымды газ құбыры, 11569 метр ГРП-1 (Мөлтек) бойынша, 23976 метр ГРП-2 бойынша; 25545 метр ГРП-3 бойынша қазіргі таңда Томанов; М.Шоқай көшелеріне газ құбырын жүргізуде және қалған көшелері толық аяқталды. Сонымен қатар жобаға енгізілмей қалған және одан бөлек жобадан тыс қалған үйлерді тексеру мақсатында жұмысшы тобы құрылып, топпен 48 жобаға кіргізілмей қалған үй анықталып, «Қызылорда облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-не жобаға енгізуге ұсыныс берілді.

13 қараша 2019 ж. 886 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031