» » Аудан әкімі Жосалы кенті тұрғындарымен кездесті

Аудан әкімі Жосалы кенті тұрғындарымен кездесті

qarmaqshy-tany.kz Аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес Жосалы кенті тұрғындарымен кездесуі өткізілді.

Аудандық Жыраулар үйінде өткен басқосуда алдымен Жосалы кенті әкімі Шыңғыс Сыдықовтың кент бойынша атқарылған жұмыстары назарға ұсынылып, баяндамасы тыңдалды.

Аудан әкімі Әділбек Бөрібайұлы Жосалы кенті бойынша тиісінше атқарылған жұмыстар барысын саралап, аудан бойынша бүгінгі күнде жасалған ауқымды ірі жобалар жүйесі мен алдағы атқарылар жұмыс жоспарлары тұрғысында кент тұрғындарымен бөлісті.
Ең алдымен ауданның макроэкономикалық көрсеткіштеріне тоқталып, аудан бойынша бірінші кезекте жүзеге асырылуы тиісті және осы уақытқа дейінгі іске асқан жобалар туралы тілге тиек етті.

Құрылыс жұмыстары негізінде Байқоңыр қаласындағы 50 пәтерлік 5 тұрғын үй құрылысы, Қуаңдария ауылдық округінде 100 орындық ауылдық клуб үйі, Жосалы кенті, Ақай ауылдық округіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешені, білім саласы бойынша күрделі жөндеуден өткізілген мектептер(№28, №85, №121) және сонымен қатар Төретам кенті мен Ақай ауылында газ жеткізу құбырының және газ тарату желілерінің қазіргі жүргізіліп жатқан құрылысы туралы және Алдашбай Ахун,Т.Көмекбаев, Қармақшы ауылдарындағы су қабылдайтын құрылғыны қайта құру жұмыстары бойынша құрлыс жұмыстарының жүріп жатқандығын сонымен қатар жол мәселесі бойынша Жосалы кентінің 5,8 шақырымды құрайтын, 12 топырақты көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлініп, бүгінгі күні бұл жобалар басталып кеткендігін, оның ішінде Тайшық би, Амангелді көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде екендігін басты айтты.

Сондай-ақ Қараөзек арнасы «Қожатай» учаскесіндегі уақытша су тоспа құрылысының бөгетін қайта қалпына келтіру жұмыстары "Қазсушар" РМК Қызылорда филиал тарапынан жүргізіліп құрлыс жұмыстары аяқталғандығын және алдағы уақытта әлі де өңір экономикасы мен халықтың тұрмыс-тіршілігін арттыруға бағытталған бастамалар жалғасын таба беретінін жеткізді.

Кездесу барысында кент тұрғындары тарапынан бірқатар ұсыныс-пікірлер айтылды.
Аудан әкімі өз кезегінде тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстардың барлығына заңдылықтар аясында нақты жауаптар берді.

08 желтоқсан 2022 ж. 413 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 193

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 146

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 309

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930