» » Ауыл тұрғындарымен кездесулер жалғасуда

Ауыл тұрғындарымен кездесулер жалғасуда



qarmaqshy-tany.kz Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің халықпен кездесуі Алдашбай Ахун, Дауылкөл, Ақжар ауылдық округтерінде жалғасты. Кездесулерге құқық қорғау саласының және дербес бөлім басшылары қатысты.
Кездесуде аудан басшысы 2022 жылы атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы мақсат-міндеттерге тоқталды.
Биылғы жылы, аталған елді мекендерді облыс және аудан орталықтарымен байланыстыратын «Самара-Шымкент-Ақжар-Тұрмағамбет-Көмекбаев» аудандық маңызы бар автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары басталады.
Бұдан бөлек, Тұрмағамбет ауылындағы Т.Ізтілеуов, Н.Жанаев, У.Байменов, Қарақисық Қосұлы көшелерінің автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарына жоба-сметалық құжаттамалары әзірлену үстінде.
Сондай-ақ, Ақжар ауылдық округіндегі Ж.Жабаев көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Аудан әкімі жиынды қорытындылай келе, халықтың талап-тілектерін тыңдап, айтылған ұсыныс-пікірлердің оңтайлы шешілу жолдары қарастырылатынын жеткізді.
Кездесулерден кейін құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге азаматтарға жеке қабылдау жүргізді.

25 ақпан 2023 ж. 596 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 269
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 426

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30