» » Аудан әкімінің халықпен кездесулері

Аудан әкімінің халықпен кездесулері

qarmaqshy-tany.kz Аудан әкімі Жандос Еркінбек «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» ҚР Президентінің жарлығына сәйкес ІІІ Интернационал, Жаңажол, Ақтөбе ауылдарының тұрғындарымен кездесті.
Кездесулер барысында аудан басшысы аудандағы оң өзгерістер мен алдағы атқарылар ауқымды бастамаларға тоқталып, ауылдың жағдайы және халықтың тұрмыстық әл-ауқатын көтеру мәселесі үнемі назарында екенін жеткізді.
Биылғы жылы Ақтөбе ауылындағы Т.Салқынбайұлы көшесіне және ІІІ Интернационал ауылындағы Астана көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізіледі және Жаңажол ауылында Ә.Мәжібаев, К.Қошқаров, Қ.Нұрлыбаев, О.Шегебаева, К.Нұрпейсов көшелері жарықтандырылады.
«Ауыл Ел-бесігі» бағдарламасы аясында Жаңажол, ІІІ Интернационал ауылдық округтерінде жаңа спорт кешенінің құрылыстары басталады.
Сонымен қатар, алдағы уақытта Жосалы, Иіркөл, ІІІ Интернационал және Ақтөбе ауылдарына газ тарту жұмыстарын жүргізу де жоспарланып отыр.
Кездесу соңында аудан басшысы тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, айтылған мәселелердің алдағы уақытта кезең-кезеңімен шешу жолдары қарастырылатынын жеткізді.
Сондай-ақ, аудан әкімі құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге азаматтарға жеке қабылдау жүргізіп, тұрғындардың талап тілектерін тыңдай келе, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

24 ақпан 2023 ж. 405 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10301)

07 мамыр 2024 ж.

№35 (10300)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031