» » Тұрмағамбетте де тындырымды тірлік көп

Тұрмағамбетте де тындырымды тірлік көп

«Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» ҚР Президентінің жарлығына сәйкес аудан әкімі Әділбек Ерсұлтановтың 1-5 тамыз аралығындағы кент, ауылдық округтердегі тұрғындармен кездесуі басталды. Аудан басшысы Т.Көмекбаев, Қуаңдария, Алдашбай ахун, Дауылкөл ауылдарында болды.
Аудан әкімінің ауыл тұғындарымен кездесуі Дауылкөлде жалғасын тапты. Мұндағы демеушілік есебінен салынған спорт алаңымен танысқан соң ауылдық клуб үйінде тұрғындармен кездесті.  
– Облыс әкімі тапсырмасына сәйкес, Дауылкөл ауылдық округінде 1 балалар ойын алаңы салынып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, биыл Тұрмағамбет ауылына дәрігерлік амбулатория құрылысының жоба-сметалық құжаттамасына облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, құжаттама әзірленді. Жобаның жалпы құны 436,7 млн теңгені құрады. Алдағы уақытта жоғары тұрған бюджеттерден қаржы сұратылып, жұмыстар атқарылатын болады, – деді Ә.Бөрібайұлы.
Дауылкөл ауылдық округіндегі Ә.Құланбаев көшесінің күрделі жөндеу жұмыстарына  жобалық-сметалық құжат әзірленіп, мемлекеттік  сараптама қорытындысы алынды. Сонымен бірге Сыр сүлейі, ақын Тұрмағамбет Ізтілеуұлының 140 жылдығын кең көлемде атап өту де жоспарлануда. Аудан басшысы ауыл тұрғындарын жеке қабылдады.
Айта кеткен жөн, Сырдария өзенінің арғы бетінде орналасқан Төребай би, Иіркөл, Дүр-Оңғар, ІІІ Интернационал, Ақтөбе, Ақжар, Тұрмағамбет, Алдашбай ахун, Қуаңдария және Т.Көмекбаев ауылдарын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында «Жаңажол» ЖШС демеушілігімен жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.
Айнұр ӘЛИ,
Ерсін ӘБЛӘКИЕВ (суреттер)

01 тамыз 2022 ж. 700 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№3 (10471)

13 қаңтар 2026 ж.

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 231
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 110

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031