» » Қуаңдариядағы қарқынды істер

Қуаңдариядағы қарқынды істер

«Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» ҚР Президентінің жарлығына сәйкес аудан әкімі Әділбек Ерсұлтановтың 1-5 тамыз аралығындағы кент, ауылдық округтердегі халықпен кездесуі басталды. Аудан басшысы Т.Көмекбаев, Қуаңдария, Алдашбай ахун, Дауылкөл ауылдарында болды.
Кездесу Қуаңдария ауылдық округінде жалғасты. Алдымен аудан әкімі ауылдағы жаңадан салынып жатқан клуб үйінің құрылысын көрді. Одан соң ауыл тұрғындарымен кездесіп, бірнеше жұмыстардың легіне тоқталды.
Қуаңдария ауылының тұрғындары еккен жалпы егіс көлемі 25 гектарды құрайды. Мұнда 1419 бас МІҚ, 564 бас жылқы, 439 бас түйе, 1417 бас уақ мал тіркелген. 12 шаруа қожалығы жұмыс жасайды. Ауданда елді мекендерден шалғай орындардағы көне су ұңғымаларын тазарту арқылы, қайта іске қосу үшін 26 су ұңғымасы құжаттандырылса, оның ішіндегі 10 су ұңғымасы Қуаңдария ауылдық округінің аумағында. Ауылға биыл 12.1 млн теңгеге су айдау насосы алынып, тұрақты жұмыс жасап жатыр.
Кездесуден соң аудан әкімі тұрғындарды жеке қабылдады.
Айнұр ӘЛИ,
Ерсін ӘБЛӘКИЕВ (суреттер)
01 тамыз 2022 ж. 1 008 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№3 (10471)

13 қаңтар 2026 ж.

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 231
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 110

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031