» » Аудан басшысы Алдашбай ахун ауылында болды

Аудан басшысы Алдашбай ахун ауылында болды

«Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» ҚР Президентінің жарлығына сәйкес аудан әкімі Әділбек Ерсұлтановтың 1-5 тамыз аралығындағы кент, ауылдық округтердегі халықпен кездесуі басталды. Аудан басшысы Т.Көмекбаев, Қуаңдария, Алдашбай ахун, Дауылкөл ауылдарында болды.
Аудан басшысы Алдашбай ахун ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.
– Алдашбай ахун ауылындағы су қабылдайтын құрылғыны қайта құру жобасына 229,7 млн теңге қаржы бөлініп, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Қорытынды тамыз-қыркүйек айында шығады деп жоспарлануда. Белгілі болғанда құрылыс жұмыстары басталады. Ауылдық округ жаңадан балабақша және клуб үйін салуды қажет етеді.
Осы мәселені шешу үшін 100 орындық клуб үйінің құрылысының жоба сметалық құжаттарына 6,9 млн теңге қаржы бөлініп, құжаттары әзірленуде, – деді аудан әкімі.
Ауылда кәсіпкерліктің жайы да жақсы. Мәселен, 39 адам кәсібін ашып, дөңгелетіп отыр. Оның ішінде ауыл тұрғыны  Рүстем Оңайсынов жылқы шаруашылығын дамыту мақсатында 7,5 млн теңге жеңілдетілген несие алыпты.
Сондай-ық ауылда жеке кәсіпкерлермен жабынды астында 13 гектар қауын-қарбыз, «Майлыөзек» ЖШС-мен 375 гектар жоңышқа егілген. Мұнда 995 бас МІҚ, 394 бас жылқы, 3890 бас уақ мал тіркелген. 3 шаруа қожалығы 2 жеке шаруашылық серіктестігі жұмыс жасайды.

Айнұр ӘЛИ,
Ерсін ӘБЛӘКИЕВ (сурет)
01 тамыз 2022 ж. 641 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930