» » ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ЖАНДОС ЕРКІНБЕКТІҢ АҚАЙ АУЫЛЫНДА ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУІ БАСТАЛДЫ

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ЖАНДОС ЕРКІНБЕКТІҢ АҚАЙ АУЫЛЫНДА ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУІ БАСТАЛДЫ


Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек Ақай ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарылған жұмыстардың қорытындысын атап өтті.

Кездесуде алдымен Ақай ауылдық округінің әкімі Батыржан Тұрғанов 2026 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар бойынша баяндады.

Бүгінде ауылдың бюджетіне жоспарланған 63,4 млн теңге толық игеріліп, бюджет қаражаты тиімді пайдаланылды. Сондай-ақ жер, мүлік, көлік және жеке табыс салығы бойынша жоспарлы көрсеткіштер 100%-дан жоғары артығымен орындалып отыр.

Қазір 16 көше асфальтталып, 36 көшеге жарық шамдары орнатылған. Аяқ су жүйесін жетілдіру үшін жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 21 көше мен 421 тұрғын үй аяқ суға қосылған. Бұған қоса ауылдың көркін арттыру мақсатында Абай көшесі бойынан көгалдандыру жұмыстарына арналған арнайы жер телімі дайындалса, бүгінде ауылда 271 кәсіпкерлік субъектісі тұрақты жұмыс жасап келеді.

Сонымен қатар аудан әкімінің қолдауымен Қонысов Сақыпжан көшесі бойынан 51 млн қаржыға футбол және балалар ойын алаңын салу жұмыстары аяқталды. Аудандық бюджеттен бөлінген 8,4 млн теңге есебінен округке 5 аялдама орнатылып, қазіргі таңда ауыл тұрғындарының игілігіне берілді.

Кездесу барысында аудан басшысы да аудан көлемінде жүзеге асырылып жатқан жобалар мен алдағы міндеттерге тоқталып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Ауыл тұрғындары өз ұсыныстары мен өтініштерін жеткізіп, көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер берілді.

Кездесу соңында Жандос Еркінбек ауылдың дамуына бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын айтты.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

24 маусым 2026 ж. 49 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№47 (10515)

23 маусым 2026 ж.

№46 (10514)

20 маусым 2026 ж.

№45 (10513)

16 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 357
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 880

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930