» » Даму мен ілгерілеудің алты айлық айнасы

Даму мен ілгерілеудің алты айлық айнасы

Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің Президент Жарлығына сәйкес ауданға қарасты елді мекендердегі халықпен кездесуі басталды. Алдымен аудан әкімі Ақай ауылдық округі, Төретам кенті тұрғындарымен жүздесіп, өңірдегі оң өзгерістер мен іске асырылған жобаларды таныстырды.


– Тамыры тереңде жатқан тарихымен, ұлттық руханият пен мәдениеттің ордасы саналатын Қармақшы ауданы бүгінде Мемлекет басшысының жүйелі бастамалары, Үкімет пен облыс басшылығының қолдауы нәтижесінде тұрақты даму жолында келеді.

Ауданымызда әлеуметтік-экономикалық өсім, инфрақұрылымдарды жаңғырту, ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларында жүйелі жұмыстар жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бірқатар маңызды жобалар іске асырылып, жергілікті халықтың әл-ауқатын жақсартуға айрықша мән берілуде, – деді аудан басшысы Жандос Еркінбек.

Мұнан соң аудан әкімі атқарылып жатқан ауқымды жобларға тоқталып, ілкімді істерді тілге тиек етті.
Келесі кезекте Ақай ауылының әкімі Батыржан Тұрғанов та есептік баяндамасын оқыды.

– Ақай ауылдық округінде атқарылған жұмыстар – тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға, ауылдың келбетін жақсартуға бағытталған нақты істермен толыққан. Ауылдық округтің 2025 жылдың алты айындағы бюджеті 62 420,9 мың теңге көлемінде жоспарланып, толығымен игерілді. Бұл – ауылдық деңгейдегі қаржылық тәртіптің және тиімді басқарудың көрінісі. Өз кірістер көлемі 33 845,0 мың теңгеге жетіп, салықтар мен төлемдердің басым бөлігі толықтай немесе жоспардан асыра орындалды. Атап айтсақ, көлік салығы 113%-ға, жер салығы 103%-ға, мүлік салығы 93,4%-ға орындалып, ауыл тұрғындарының белсенділігі мен заң алдындағы жауапкершілігін көрсетіп отыр.
Ақай ауылында бүгінде 39 көше бар, олардың ұзындығы – 31,42 шақырым. Соның ішінде 41%-ы асфальтталған, ал көше жарығы бойынша көрсеткіш 99,9%-ды құрап отыр. Бұл – ауыл тұрғындарының қауіпсіздігі мен қолайлылығы үшін жасалып жатқан игі бастамалар нәтижесі, – дейді ол.

Мұнан соң жиналған көпшілік көкейде жүрген сауалдарын қойып, ауылда атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.

"ҚТ" ақпарат
23 шілде 2025 ж. 193 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 636
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 406

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031