Топ-баннер
» » Аудан басшысы Иіркөл, Жосалы, Қармақшы ауылдарында халықпен кездесті

Аудан басшысы Иіркөл, Жосалы, Қармақшы ауылдарында халықпен кездесті

qarmaqshy-tany.kz Аудан әкімі Жандос Еркінбектің халықпен кездесуі Иіркөл, Жосалы, Қармақшы ауылдық округтерінде жалғасты.
Кездесулерде ең алдымен ауылдық округ әкімдерінің атқарған жұмыстары тыңдалып, алдағы жоспарлар талқыланды.
Одан соң аудан басшысы Ж.Еркінбек сөз алып, әр елді мекеннің даму мүмкіндігіне қарай әлеуметтік – экономикалық жағдайын көтеру, ауыл халқының өмір сүру сапасын арттыру, елді мекеннің инфрақұрылымын жүргізу, жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.
Сондай-ақ, ауыз су, жол жөндеу, абаттандыру, электрмен қамтамасыз ету мәселелері бойынша да тиісті шаралар қабылданатындығын атап өтті.
Сонымен қатар, Иіркөл мен Жосалы ауылдық округтерінде балалар ойын алаңдары салынатындығын және Қармақшы ауылында су қабылдайтын құрылғы пайдалануға беріліп, тарихи желдерменнің жөндеуден өтетіндігін айтты.
Кездесу соңында аудан әкімі құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге азаматтарға жеке қабылдау жүргізіп, тұрғындардың талап тілектерін тыңдай келе, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Аудан әкімі аталмыш елдімекендерге жұмыс сапары аясында Жосалы ауылдық клуб үйінің және №199 мектебінің жай – күйімен танысты.


17 ақпан 2023 ж. 799 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№13 (10480)

17 ақпан 2026 ж.

№12 (10479)

14 ақпан 2026 ж.

№11 (10479)

10 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 462
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 292

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728