» » Аудан әкімінің халықпен кездесуі басталды

Аудан әкімінің халықпен кездесуі басталды

Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек Ақай ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады.
Аудан басшысы бірінші кезекте аудан көлемінде атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталып, одан соң алдағы жоспарларымен бөлісті.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы Ақай ауылдық округі бойынша 11 жоба республикалық, облыстық, аудандық бюджет көздері арқылы қаржылай қолдау тапқанын айтты.

Атап айтқанда, дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен газ құбыры желілерінің құрылысына, Астана көшесінен №1-ТВ техникалық су ұңғымасын бұрғылау жұмыстарына, Құдайбердиев, Қазыбек би, Баймаханов көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарына және балалар ойын және спорттық тренажер ойын алаңын орнатуға қаржылары бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізіліп жатандығын жеткізді.

Сонымен қатар, ауылдық округтегі 5 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге және Майлин, Әуезов көшелерін жарықтандыру жұмыстарына жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге, ведомстволық сараптамадан өткізуге қажетті қаржысы қаралғандығын хабарлады.
Жиын соңында аудан экономикасы мен халықтың тұрмыс-тіршілігін арттыруға бағытталған жұмыстар жалғасын таба беретінін жеткізіп, әрі қарай тұрғындардың қойған сұрақтары мен ұсыныс-пікірлеріне жауап берді.

Кездесуден кейін, аудан әкімі жаңадан салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс барысымен танысты.
05 маусым 2023 ж. 373 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (10459)

29 қараша 2025 ж.

№90 (10458)

25 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 001
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 677

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031